10425452_833831256660606_5526689990798757964_nЖеңіс ЫСҚАБАЙ

  • “Азия-Қазақстан” фотоклубының мүшесі;
  • “Фотоөнер” қоғамдық бірлестігінің мүшесі;
  • 2005-2008  – “Алматы ақшамы” газетінің фототілшісі;
  • 2008-2012  – Алматы облысы әкімінің жеке фотографы;
  • 2012 жылдан бастап – “Жусан” шығармашылық орталығының жетекшісі.

Фотография – фотоаппаратпен түсірілген әр сәттің тарихы. Фотография ұмытылмас өткен күнді еске салып, сол сәттегі қуанышпен қайта қауыштырады. Фотоаппарат деп аталатын “сиқырлы сандық” 1996 жылдан бері қолымнан түскен емес.

Бүгінгі күні Nikon-ның ең сапалы техникаларын серік еттім.

Фотоаппарат ұстағалы саяхатшы болдым -десем де болады. Өйткені, бүгінгі күнге дейін түсірген суреттерімнен Қазақстанның ғана емес, өзге де мемлекеттердің тұрмыс тіршілігін көруге болады. Бұл кәсіпті оңай дейтіндер қателеседі. Көрермен суретті көріп тамашалайды да, оның қалай және қандай қиындықтар арқылы түсірілгенін аңғармайды.    Шығармашылық орталығымның атын “Жусан” деп қойдым. Өздеріңіз белетін “Жусан” – қазақ даласының символы. Бұл анықтаманы бір кездері Әшірбек СЫҒАЙ ағам айтқан еді.

2006-шы жылдардан бері спорт тақырыбына ерекше көңіл бөліп жүрмін.

Жаза алмағанымды толығырақ түсірген суреттерім айтар.